
Коммуналдық төлемдер кімге төленеді?
Коммуналдық төлемдер азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға жылына бір рет төленетін тұрғын үй -коммуналдық шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік қолдау төлемі болып табылады.
Коммуналдық төлемдер Абай облысы Ақсуат ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 304 “ Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы” қаулысы негізінде және Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы “ Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы” №14 қаулысы негізінде төленеді. Ақсуат ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 21/4-VIII шешімі.
Кімдер алады:
Денсаулық сақтау саласының мамандары;
Білім беру ұйымдарының қызметкерлері;
Жұмыспен қамту немесе мансап орталығы қызметкерлері;
Басқа да азаматтық қызметшілер (лауазымына қарай)
Негізгі шарттары:
Ауылдық елді мекенде жұмыс істейтін азаматтық қызметші болуы тиіс;
Негізгі жұмыс орны болуы керек;
Жергілікті атқарушы органның қағидаларына сәйкес рәсімделеді;
Төлем жылына бір рет төленеді.
Қажетті құжаттар:
Жеке куәлік;
Өтініш;
Жұмыс орнынан анықтама;
Лауазымы туралы анықтама;
Банктік шот нөмірі;
Тұрғылықты мекен-жайды растайтын құжат.
Қайда жүгінеді:
Жұмыс орны арқылы әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
Тыл ардагерлері санаторий-курорттық емделуге бара ала ма?
Ия , тыл ардагерлері- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге жататындықтан санаторий -курорттық емделуге бара алады.Ардагерлер туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 3 бабына сәйкес мыналар ардагерлер болып танылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
4) еңбек ардагерлері.
- Сіз аталған қызметті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне аласыз;
- өтініш жазасыз;
- тыл ардагері куәлігі, жеке куәлік, медициналық анықтама және дәрігердің санаторий- курорттық емделуге мұқтаж екені туралы қортындысы қажет болады;
- құжаттар тапсырылғаннан кейін кезекке қояды;
- кезек келген кезде жолдама беріледі;


