2026 жылғы 10 маусымда Шахтинск қаласы білім бөлімінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

    2026 жылғы 10 маусымда Шахтинск қаласы білім бөлімінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

    2026 жылғы 10 маусымда Шахтинск қаласы білім бөлімінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Алқа жұмысына Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Д. Жекебаев, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры мен әдіскерлері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатысты.

    Іс-шараның басында білім беру ұйымдарында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен зейнет жасындағы ардагер педагогтер білім басқармасының алғыс хаттарымен және білім бөлімінің әдіскерлерін ведомстволық наградалармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

    Негізгі баяндамамен білім бөлімінің басшысы Н. Онсович сөз сөйлеп, 2025–2026 оқу жылындағы қала білім беру жүйесінің қызмет нәтижелеріне жан-жақты талдау жасады. Баяндама барысында қол жеткізілген жетістіктермен қатар, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылып, алдағы оқу жылына арналған басым міндеттер айқындалды.

    Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша білім беру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар белгіленіп, тиісті ұсынымдар берілді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.