
ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында ағымдағы жылдың 14 мамыр -26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылдың 17 маусым күні 16:00-де басқармалар үйі 3-қабат, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс: 8-725-33-5-98-53, 8-700-205-98-53
Эл.почта: [email protected]


