
⚡Шүлбінің сол жағалауы демалыс аймағына айналады
Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына жұмыс сапары кезінде Шүлбі су қоймасының сол жағалауындағы абаттандыру жұмыстарының жоспарымен танысты.
Жоба аясында жағалау аумағы толықтай жаңартылып, тұрғындар мен туристерге арналған жайлы демалыс орны қалыптастырылады. Мұнда қоғамдық дәретханалар, киім ауыстыру және душ кабиналары орнатылып, арнайы демалыс және барбекю аймақтары ашылады.
Сонымен қатар қауіпсіздік белгілері қойылып, жағалау қоршалып, бейнебақылау жүйесі іске қосылады. Құтқарушылар мұнарасы орнатылып, серуендеу орындары мен кіреберіс жолдары абаттандырылады.



