
✨ Бүгін Шүлбі кенті әкімдігінде Жаңасемей ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері және «Отбасы банк» мамандарының тұрғындармен кездесуі өтті. Кездесу барысында банк өкілдері жалдамалы және несиелік тұрғын үй түрлерінің шарттарын түсіндіріп, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы кең көлемде ақпарат берді. Сонымен қатар, мамандар азаматтардың жеке сұрақтарына жауап беріп, әрбір қатысушыға жеке кеңес ұсынды.


