
Жаңасемей ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Шүлбі кентіндегі жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері мен күзгі-қысқы кезеңде жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу кезінде мамандар ата-аналарға тұрмыста өрттің туындау негізгі себептері туралы айтып, пештер мен электр жабдықтарын дұрыс пайдалану, балаларды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ өзен-көлдердің қатпаған мұзына шығудың қауіптілігі жөнінде ескертті. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналарға ақпараттық жадынамалар таратылды.
Сонымен бірге, балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп ұжымына және ата-аналарға «Жас құтқарушы» сыныбын ашу мәселесін қарастыру ұсынылды. Мұндай сыныптар оқушыларды төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға үйретіп, қауіпсіз өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.
Сотрудники Отдела по чрезвычайным ситуациям района Жанасемей провели встречу с родителями школьников средней школы поселка Шульбинск. В ходе мероприятия были проведены разъяснительные работы по правилам пожарной безопасности в отопительный сезон, а также по вопросам безопасности на тонком льду в осенне-зимний период.
Во время встречи специалисты предупредили родителей о основных причинах бытовых пожаров, напомнили о правильной эксплуатации печей и электрического оборудования, необходимости не оставлять детей без присмотра, а также об опасности выхода на неокрепший лёд рек и водоёмов. Кроме того, с целью профилактики чрезвычайных ситуаций родителям были розданы информационные памятки.
Вместе с тем, для формирования у детей навыков безопасности в чрезвычайных ситуациях, педагогическому коллективу и родителям было предложено рассмотреть открытие в школе класса «Юный спасатель». Такие классы помогут обучить школьников действиям в чрезвычайных ситуациях и способствовать пропаганде культуры безопасного образа жизни.


