«Халықтық заңгер» акциясы аясында Шүлбі кентінде азаматтарды қабылдау өтті
2025 жылғы 31 қазан күні республика көлемінде өткізілген «Халықтық заңгер» акциясы аясында Шүлбі кентінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында көшпелі қабылдау ұйымдастырылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, прокуратураның, полицияның өкілдері, Жаңасемей ауданы әкімдігі бөлімдерінің мамандары, Абай облыстық заңгерлер палатасының кеңесшілері, сондай-ақ жекеше сот орындаушылары қатысты.
Қабылдау барысында азаматтарға азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама салалары бойынша құқықтық кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша толық және нақты ақпарат алды.
Аталған акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелерді жедел шешуге жағдай жасау және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.



