ҚҰЛПЫНАЙДАН КЕЛЕР ПАЙДА ҚЫРУАР

    ҚҰЛПЫНАЙДАН КЕЛЕР ПАЙДА ҚЫРУАР
    ҚҰЛПЫНАЙДАН КЕЛЕР ПАЙДА ҚЫРУАР
    🔰 Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков Ақтоғай ауылына жұмыс барысымен барып, клубника өсірумен айналысып жатқан жас кәсіпкердің жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Жарылқасын Ақжол қазіргі таңда 2 соттық жерге құлпынай көшеттерін отырғызып, кәсібін бастауда. Бейнеттің зейнетін көремін деген кәсіпкердің айтуынша, бұл – тек бастамасы ғана.
    🔰 Алдағы уақытта шаруашылық көлемін кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Осы мақсатта «Ауыл аманаты» бағдарламасының 5- бағыты аясында жылдық 2,5% жеңілдетілген несие алуды көздеуде: - Бұл қолдау оның кәсібін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Ауылдағы мұндай бастамалар өңір экономикасының дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл- ауқатын жақсартуға өз үлесін қосары сөзсіз, - дейді Жарылқасын Ақжол. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Оңғарбекұлы кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, ауданымыздың экономикасын дамытуға мұндай кәсіптің керегі мол екенін тілге тиек етті.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.