
ТҮРКІСТАНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов көпбалалы аналармен кездесіп, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары аналарды марапаттарымен құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше еңбегіне тоқталды.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 17 264 көпбалалы ана тұрады. Оның ішінде 1 250 ана – «Алтын алқа», 2 749 ана – «Күміс алқа» иегері. Сонымен қатар, I–II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған 81 ана бар. Бұдан бөлек, 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп баласы бар 13 122 ана тіркелген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В ТУРКЕСТАНЕ ЧЕСТВОВАЛИ МНОГОДЕТНЫХ МАТЕРЕЙ
Заместитель акима города Туркестан Мадияр Алипов встретился с многодетными матерями и вручил государственные награды «Алтын алқа» и «Күміс алқа». В ходе встречи заместитель акима города поздравил женщин с получением наград и отметил их особую роль в обществе, а также значительный вклад в воспитание подрастающего поколения.
В настоящее время в городе Туркестан проживают 17 264 многодетные матери. Из них 1 250 женщин являются обладательницами подвески «Алтын алқа», а 2 749 — подвески «Күміс алқа». Кроме того, 81 мать награждена орденом «Ана даңқы» I и II степени. Также зарегистрированы 13 122 матери, воспитывающие четырех и более детей в возрасте до 18 лет.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области.



