Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясы өтті. Өкілді органның төрағасы Ахат Құрмансейітов тізгіндеген жиынға аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ернұр Тұрлыбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, аудандық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілі қатысты. Кенттер мен ауылдық округтер әкімдері байланыста ZOOM-платформасы арқылы болды.
Депутаттардың басты жиынының күн тәртібіне төмендегі мәселелер қойылды:
- «2025 жылға арналған Ұлытау ауданының және кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы» (баяндамашылар – Ұлытау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин; Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ернұр Тұрлыбекұлы).
- «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы XLI сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – Ұлытау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин).
- «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы XLII сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы» №255 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – Ұлытау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин).
- Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы «Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» №109 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – Ұлытау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айна Әбілова).
Сессияда аталған мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, тиісінше, оң сипатты шешімдер қабылданды.
Мандат иелерінің басқосуында, сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаевтың хабарламасына сәйкес, аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беріліп, аудан
әкімі жанындағы бірқатар комиссиялар мен ведомстоаралық комиссиял құрамына өзгерістер енгізу мәселелеріне қатысты шешімдер қабылданды.
Осы ретте аталған өзгерістерге тиісті мемлекеттік құрылымдардағы кадрлардың ауысуы негіз болғанын атап өткен жөн.



