Шардара ауданының әкімі салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады

    Шардара ауданының әкімі салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады
    Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшыларын жеке қабылдап, салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарларды талқылады. Сондай-ақ ол барлық жұмыстардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылуын қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.
    Алғашқы кездесуде аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Оразбекұлы Бердешов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары қатысты. Жиында ауыл шаруашылығы саласының дамуы, егіс көлемдерінің жай-күйі, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
    Келесі кездесуде аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Абдугафурұлы Каратунов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы, елді мекендерді абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық желілердің жай-күйі бойынша есеп берді.
    Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасполатұлы Төребеков, ішкі саясат, экономика және қаржы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік желілерге жарияланатын ақпараттарға тұрақты мониторинг жасауды, бюджеттің орындалуы, ақпараттық саясат, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, кәсіпкерлікті қолдау мен инвестиция тарту бағыттарындағы жұмыстар бойынша есеп берді.
    Жиын барысында аудан әкімі мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету, тұрғындар көтерген мәселелерді жедел шешу, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және бекітілген индикаторлардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
    Қорытындысында аудан басшысы барлық салада жүйелі жұмысты жалғастырудың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бастамаларды тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.