
Шардара қаласының су қоймасы жағалауындағы жазғы маусымдық шомылу рәсімін ашу салтанатында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасполатұлы құттықтау сөз сөйлеп, жазғы демалыс маусымын тиімді әрі қауіпсіз өткізуге шақырды. Ол өз сөзінде тұрғындарға және аудан қонақтарына жағымды демалыс тілеп, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – басты талаптардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, басқа көршілес аудандардан, облыс орталығынан және шет елдерден келген қонақтардың демалыстары сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, барша Шардара тұрғындарын жазғы маусымның ашылуымен құттықтады.
Одан кейін Шардара аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы сөз алып, барша жиналған қауымды жазғы шомылу маусымының басталуымен құттықтады. Ол өз лебізінде ауданның демалыс орындарының жылдан жылға дамып келе жатқанын атап өтіп, тұрғындар мен қонақтарға жайлы әрі қауіпсіз демалыс тіледі. Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті сақтау, тазалықты қадағалау және табиғатты қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуға шақырды.
Салтанатты шара барысында қатысушылар жазғы маусымның ашылуына арналған мәдени-спорттық бағдарламаны тамашалап, жағажай аумағында ұйымдастырылған түрлі ойын-сауық іс-шараларына қатысты. Шара соңында ұйымдастырушылар демалушыларға сәтті демалыс тілеп, қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде ескерту жұмыстарын жүргізді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі:


