Жас талантқа қолдау, ұстазға құрмет:

    Жас талантқа қолдау, ұстазға құрмет:
    Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Шардара ауданында жас таланттарды қолдау мен ұстаз еңбегін ұлықтауға арналған тағылымды кездесу өтті. Республикалық «Ақылдым» балалар журналы мен «Ақсұңқар» өнер-шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Қазақ авторлары» фестивалінің жеңімпазы Ақылжан Алмасұлы мен оның жетекшісі Қанжігітова Ұлдар Мамырқызын арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
    Фестивальдің финалдық кезеңінде өзінің шығармашылық қарым-қабілетімен ерекшеленіп, Бас жүлдені иеленген Ақылжан Алмасұлы аудан мерейін асырып, туған елінің мақтанышына айналды. Ал шәкірт жетістігінің артында білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жас дарынның талабын шыңдап, өнер жолына бағыт берген ұстаз Қанжігітова Ұлдар Мамырқызының ерен еңбегі жатыр.
    Қабылдау барысында аудан әкімі Арман Романұлы жас жеңімпаз бен оның ұстазын шын жүректен құттықтап, олардың жетістіктері ауданның мәдени-рухани дамуына қосылған қомақты үлес екенін атап өтті. Сонымен қатар, шығармашылық пен білім жолындағы табанды еңбектері үшін алғыс білдіріп, арнайы сый-сияпаттар табыстады.
    Кездесу барысында айтылған жылы лебіздер мен ізгі тілектер жас талантқа жаңа шабыт сыйлап, ұстаз еңбегінің қадірін тағы бір мәрте айшықтай түсті. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген халық даналығы осындай сәттерде өзінің өміршеңдігін дәлелдейді. Себебі шәкірттің жеңісі – ұстаздың еңбегінің жемісі, ал ұстаз мерейі – ел мерейі.
    Осындай құрмет пен қолдау жас буынның шығармашылыққа деген құлшынысын арттырып, болашақта биік белестерді бағындыруына жол ашады. Ақылжан Алмасұлы мен ұстазы Қанжігітова Ұлдар Мамырқызына шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз.
    Еліміздің рухани қазынасын байытып, өнер мен білім көгінде қанаттарыңыз талмасын!
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі:
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.