Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Мақат аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Мақат аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Мақат ауданы әкімі А.С.Мамбетовтің төрағалығымен 2026 жылғы 08 маусымда Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Отырысқа, комиссия мүшелері мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті және аудандық білім бөлімі, « Қамқор Локоматив» ЖШС «Ақтөбе локоматив жөндеу депосы» филиалы Мақат сервистік орталығы, аудандық орталық аурухана қатысты

    Күн тәртібінде білім беру ұйымдарында және аудандық орталық ауруханада еңбек шарттарын есепке алу жұмыстары, зейнетақы жарналары мен салық төлемдерін уақытылы төлеу мәселесі бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы және аудандық орталық аурухананың директоры баяндама жасады.

    Сонымен қатар, «Қамқор Локоматив» ЖШС«Ақтөбе локоматив жөндеу депосы» филиалы Мақат сервистік орталығында ағымдағы жылы жұмыс орындарының қысқарылуы жөнінде және жұмыстан қысқартылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша мекеме басшысы баяндады.

    Комиссия отырысында, білім беру ұйымдарына және аудандық орталық ауруханаға еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбек шарттарын есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру, зейнетақы жарналары мен салық төлемдерін уақытылы заңнама талаптарына сәйкес аударылуын қамтамасыз ету, алдағы уақытта заңсыздықтарға жол бермеу, сондай-ақ, «Қамқор Локоматив» ЖШС«Ақтөбе локоматив жөндеу депосы» филиалы Мақат сервистік орталығының қысқартылған жұмысшыларын басқа жұмыстарға орналастыру үшін тиісті шараларды қабылдау, қажетті мекемелерге хат жолдау және жұмысшыларды қысқарту кезінде еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.