2019 жылдың 27 маусым күні сағат 17.20-да Теректі ауданы Подстепное ауылы шетінде, Ядовитая көлінде БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының күші сол күні суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде сағат 17.00-де суға түсіп батып кеткен, 2004 жылы туған азаматшаның денесін тауып судан алып шықты.
Судағы өлім стастикасы да азаймайтын болды. 2019 жылдың суға шомылу маусымы басталғалы бері 21 суға бату фактісі тіркеліп, 22 адам суда көз жұмды, соның ішінде 5-уі бала. Балалардың судағы өлімі көбіне үлкендер мен ересектердің нейқұмарлығынан болады. Көбінесе, балалар үлкендердің қарауынсыз қалып өз бетімен су қоймаларына барып шомылады, ал қасірет орын алған кезде көмек көрсетуі мүмкін болатын ересек адам болмай қалады.
Алайда қайғыны болдырмауға болады, егер судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаса.
• Қоршау белгісінен әрі жүзімеңіз!
• Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
• Суға шомылған кезде бейнекамераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
• Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
• Өтіп бара жатырған катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
• Таныс емес жерде сүңгімеңіз!
• Суда тентектікке жол бермеңіз!
• Жалған дабыл бермеңіз!
Құрметті облыс қонақтар мен тұрғындар! Қауіпсіздік ережелерінің елемуішілігінің кесірінен құрбан болмаңыз!



