2018 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мен (бұдан әрі – Министрлік) Сертификатталған алқаби бухгалтерлер қауымдастығының (бұдан әрі – АССА) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум шеңберінде түйінді мәселелерді талқылау және бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттауда тәжірибе алмасу бойынша Министрліктің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры Арман Тұрсынқызы Бектұрова бастаған Қазақстандық делегация АССА-дің Лондон қаласындағы бас кеңсесіне барып келді.

    2018 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мен (бұдан әрі – Министрлік) Сертификатталған алқаби бухгалтерлер қауымдастығының (бұдан әрі – АССА) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум шеңберінде түйінді мәселелерді талқылау және бухгалтерлер мен аудиторларды сертификаттауда тәжірибе алмасу бойынша Министрліктің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры Арман Тұрсынқызы Бектұрова бастаған Қазақстандық делегация АССА-дің Лондон қаласындағы бас кеңсесіне барып келді.

    Министрлік пен АССА бухгалтерлік мамандығының жергілікті және халықаралық деңгейде кәсіби тұрақты дамуын, соның ішінде кәсіби, білім және әдеп стандарттарымен қамтамасыз ету мен дамытуға, талантты кәсіби мамандарға мамандықтың және экономиканың жалпы дамуы мен мансаптық өсуіне септігін тигізетін дүниежүзі таныған біліктілік куәлігін алуға мүмкіндік жасауға мүдделі.

    Іскерлік сапар барысында Министірлік өкілдеріне Әдеп кодексін қолдануға қатысты тәжірибесі ұсынылды.

    Екі жақ АССА-дің мүдделі адамдарға қаржылық есептілікті ұсыну процесінде бухгалтерлер мен аудиторлардың әдептілік мінез-құлығы көп әсер ететінін ескере отырып, бухгалтерлерді сертификаттау бойынша жеке емтихандарға әдеп сұрақтарын қосу тәжірибесін қарастырды.

    Министрлікпен мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп саласында жүргізіліп жаткан реформаны ескере отырып, тараптармемлекеттік бухгалтерлердіорыс тіліндегіҚСҚЕХС бойынша АССА сертификатын алу мүмкіндігімен, оларды оқыту нұсқасы талқыланды.

    Анықтама: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тексерісінің нәтижесі бойынша бұзушылықтардың жалпы көлемінің 82% бухгалтерлік есеп саласындағы бұзушылықтар алып жатқаны анықталды.

    АССА Ұлыбританиядағы мамандықтарды реттеудегі негізгі өзгерістер туралы ақпарат ұсынылды.

    Ұлыбританияда үкімет тапсырмасы бойынша тәуелсіз шолу (бұдан әрі - Шолу) жүргізілді, онда FRC функциясы және рөлі, оның өкілеттілігі, тиімділігі, ықпал етуі қарастырылды. Есепте 83 ұсыным баяндалған және FRC-ді Парламентке бағынатын, жаңа өкілеті бар тәуелсіз реттеуші органмен алмастыруұсынылды.

    Үкімет секторды басынан қайта құруға және осы реформаларға тез өтуге ниетті. Жаңа реттеуші орган іс жүзіне енбегенше FRC Шолудың ұсынымдарын орындай отырып, онда көрсетілген кемшіліктерді (құқық қолданушылық қызмет бойынша жұмысты күшейту және айқындылықтың жоқтығы) жою мақсатындажұмыс ыстейды.

    Жаңа реттеуші алғаш рет:

    сотқа сұрау жолдамай есептік жазбаларға өзгерістерді жолдау жөніндегі өкілеттілік берілген жарғылық орган айқындылық үшін тегіс қамтитын тексеріс жүргізеді;

    корпоративтік басқару мен корпоративтік есептілікке, міндетті аудитке жоғарғы стандарттарды орнату жолымен қоғам мен клиенттердің қызығушылықтарын қорғау бойынша стратегиялық бағыт пен міндеті болады;

    ірі аудиторлық ұйымдарды тікелей (осы өкілеттілікті бермей) реттейді;

    реттейтындерды құрметтеуді қалыпына келтіру және мәдениетін өзгерту үшін жаңа алуантүрлі кеңес пен мықты басшылығы болады.

    Сонымен қатар, корпорацияның сәтсіздігі, сонымен бірге компаниядан тез түсініктеме алу, ал байыпты жағдайда компанияны басқару және жүргізу туралы есеп жариялау қарастырылған жаңа өкілеттілікті қоса алғандағы жағдайында қатал санкциялар қарастырылады.

    Ұлыбритания үкіметі мемлекеттің экономикасының өсуі мен жұмыс орындар, инвесторларды тарту басты элемент болып табылатын аудиторлық сектордағы ең жоғарғы стандарттарға ие қатал және сенімді реттеушіні қарастырады.

    FRCтәуелсіз тексерісі туралы есеп осында ұсынылғанhttps://assets.publishing.service.gov.uk/government/uploads/system/uploads/attachment_data/file/767387/frc-independent-review-final-report.pdf .

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.