
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.
2026 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №199 және «Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын техникалық оңалту құралдарының құнын өтеуге арналған кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.
Бұрын кепілдік берілген соманы өткен қаржы жылындағы орташа баға деңгейі туралы үш ақпарат көзі негізінде комиссиямен айқындалатын(әлеуметтік қызметтер порталының деректері; мемлекеттік сатып алу деректері; әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстары).
Жаңа әдістемеге сәйкес кепілдік берілген сома әлеуметтік қызметтер порталының деректерімен қатар электрондық сауда алаңдарының мәліметтерін ескере отырып айқындалатын болады.
Осыған байланысты әлеуметтік қызметтер порталы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялануда, бұл электрондық сауда алаңдарындағы тауарлардың нарықтық құны туралы деректерді алуға мүмкіндік береді.
Аталған шараларды іске асыру бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын, объективтілігін және тиімділігін қамтамасыз етеді.


