
28 маусымда Қазақстан Республикасының БАҚ өкілдері өздерінің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін атап өтеді.
Республикалық телеарналар, баспа басылымдары, ақпараттық агенттіктер құтқарушылардың жанқиярлық еңбегін объективті түрде көрсетеді, олар күн сайын тек күрделі жағдайларда өзін қатерге тігіп, азаматтардың өмірі мен мүлкін құтқарады. Бұқаралық ақпарат құралдарының сюжеттері, материалдары, мақалалары, репортаждары, телебағдарламалары мен тележобалары ақпараттың объективті көзі болып табылады, халықтың қорғалу мен сенімділік сезімін қалыптастырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы жедел, объективті және шынайы ақпаратпен ақпараттандыру ісіне зор үлес қосады. Олар қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі ынтымақтастығы үшін алғыс пен ризашылыққа лайық.Аталған мерекені мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин республикалық БАҚ өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, оларды алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапаттады.



