Шығыс Қазақстан облысында орман-дала өрттерін сөндіру бойынша ірі көлемді оқу-жаттығулар өткізілді

    Шығыс Қазақстан облысында орман-дала өрттерін сөндіру бойынша ірі көлемді оқу-жаттығулар өткізілді
    Өрт сөндірушілердің және орман шаруашылығы қызметкерлерінің жауынгерлік бөлімшесін, Глубокое ауданында, Степное ауылында өрттерді сөндіруге дайындығын тәжірибелік оқу-жаттығуларды пысықтау көмегі арқылы тексерді.
    Аңыз бойынша, өрт демалушылардың сөндірмеген от ошағынан туындаған. Күннің ыстығы мен жел оттың өршіп таралуына себеп болды. Өскемен орман шаруашылығының жұмысшылары патрульдеу кезінде түтінді анықтады. Сол арада, көрсетілген координаттар бойынша баралу жүргізу үшін патрульдік ұшақтың борты ұшады. Өрт расталады. Өрт туындаған орынға Комсомольский орманшылығының күштер мен құралдары шығады. Орманшылар өрт майданын тоқтату бойынша іс-қимылдардың басты бағытын, оқпандардан және сабалағыштармен сөндіру жолымен анықтайды.
    Шартты өрт орнына МИ-2 тікұшағы ұшып жетеді. Бақылаушы-ұшқыш өрттің орманға таралуын болдырмау мақсатында өрт сөндіруші-десантшыларды отырғызады, олар оттың жиегі бойынша өртті ранецті өрт сөндіргіштерді, ауа үрлегіштер мен мотобүркегіштерді қолданып сөндіре бастайды.
    Ауа-райының қолайсыздығына байланысты және өрт сөндіруші-орманшылардың жетіспеуінен жағдай қиындайды, өрт күшейіп, елді мекендерге таралу қаупін төндіреді. Өрт сөндіру штабында, көмекке Малоубинский және Верх-Убинскийден, сондай-ақ ШҚО ТЖД мен ҚР Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан қосымша күштер мен құралдарды көмекке жолдау туралы шешім қабылданады. Келіп жеткен күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кіріседі.
    Өрт сөндіру қызметінің кәсіби қызметкерлері өрт сөндіру автоцистерналарын және ранецті өрт сөндіргіштері бар жаяу десантты пайдаланумен өртті сөндіруге кірісті.
    Жергілікті елді мекендерден шыққан волонтерлер де қарап тұрмай, кәсіби қызметкерлерге өршіген өртті сабалағыштардың көмегімен сөндіруге кірісті.
    Сол арада, МИ-8 тікұшағы мотопомпалардың жұмысын қамтамасыз ету үшін суға толы ыдысты жеткізеді. Демантшылар командасы өрт жиегінің алдына көбікті жолақты төсеп, жекеленген ошақтарды сөндіре бастады.
    Өрт майданы бойынша тұтану ошағы тікұшақтан су құятын құрылғыны пайдаланумен сөндірілді.
    Штабқа зардап шегушілер бойынша сигнал келіп түседі. Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оқиға орнына дереу арада жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін, зардап шеккендерді медмекемелерге тасымалдады.
    Өрман өртінің көлемі туралы барлық ақпаратты құтқарушылар әуе көмегі арқылы қабылдап отырды. Тракторлар, жоғары жүрісті автокөліктер мен өрт сөндіргіштері бар жаяу топтар жұмыс жасады.
    «Құтқарушылар үшін өрт қауіпті маусым басталып қойды. Азаматтар демалу үшін табиғатқа шығып, от жағып, темекі тұқылдарын жерге тастап жатады. Адами фактор – орман өрттерінің басты себебі. Синоптиктер тамыз және қыркүйекте қуаң ауа-райы болады деп отыр, сондықтан күштер мен құралдардың түгелі табиғи өрттерді сөндіруге даяр болу қажет» - деді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Г. Ақаев.
    39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 2
    39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 2
    39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 2
    39 VKO U4eniya 2 39 VKO U4eniya 15 39 VKO U4eniya 16
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.