
"2019 жылға арналған басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштерін және Павлодар облысының халқын төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына" сәйкес Ертіс ауданының басқару органдарымен, күштері мен құралдарымен "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде басқару органдарының, азаматтық қорғау күштерінің және халықтың іс-әрекеттері" тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығулар өткізілуде.
Оқу-жаттығудың бірінші күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында мекеме басшыларымен, облыстық және аудандық АҚ қызметтерінің өкілдерімен, ауылдық округ әкімдерімен отырыс өтті, онда жедел тапсырма және оқу-жаттығуды өткізудің мақсаты жеткізілді. Отырыс барысында жедел штаб басқару органдарына "Жоғары дайындық" жұмыс істеу режимінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға міндеттер қойды. Сондай-ақ, аудандық буындағы басшылық құрамның мақсаты бойынша іс-шараларды орындауға дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды. Одан әрі шұғыл әрекет ету жасағының жиыны жарияланды, онда сапқа тұрғызылғаннан кейін жеке құраммен танысу, авариялық - құтқару жабдықтарының жарамдылығы, команда және құрамалар мүшелерінің функционалдық міндеттерін білуіне сауалнама жүргізілді. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың бірі Ертіс ауылы ""Кенжетаев" ЖК АЭС ауданындағы жарылыс-өрт қауіпті объектіде техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау" болды. Сонымен қатар, радиацияға қарсы баспаналардың, сондай-ақ халықты жасыру үшін пайдалануға болатын жертөле және жартылай жертөле бөлмелерінің бар-жоғын байқау өткізілді. Оқу-жаттығу жоспарға сәйкес жалғасуда.







