АТЫРАУДА ЗАМАНАУИ «АTYRAU-АRENA» КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

    АТЫРАУДА ЗАМАНАУИ «АTYRAU-АRENA» КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
    АТЫРАУДА ЗАМАНАУИ «АTYRAU-АRENA» КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
    Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге арналған кешендерді салу, сонымен қатар қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи «Атырау-Арена» спорт кешенінің құрылысы басталды.
    Нұрсая ықшам ауданында орналасатын нысанның жалпы аумағы 4,6 гектарды құрайды және 21 олимпиадалық спорт түрінен, спорт залдармен және 1500 көрерменге арналған.
    Жоба бұқаралық спортты дамытуға, жастарды салауатты өмір салтына баулуға және өңірдің спорттық инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған. Кешенде олимпиадалық және бұқаралық спорт түрлері бойынша заманауи жаттығу залдары жұмыс істейді. Нәтижесінде шамамен 2000 бала мен жасөспірімнің спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалады.
    Сондай-ақ нысан базасында оқу-жаттығу жиындары, республикалық және халықаралық жарыстар, бұқаралық спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
    «Атырау-Арена» спорт кешенін 2027 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру көзделген. Жоба өңірдің спорттық әлеуетін арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.