
«Инстаграм» әлеуметтік желісінің парақшаларында осы фотоға айтарлықтай оң комментарий жазылды (1 мыңнан астам) және лайк басылды (56 мың).
Осыған байланысты ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі осы фотосурет бойынша түсініктеме береді.
Фотода Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері Абылай Бабаханұлы Бабахан, Бексұлтан Миятұлы Ибадулла, Үсен Асқарұлы Қазыбек, Эльдар Владимирович Қырықбаев әйел адамды машинаға (вахтовкаға) көтеріп мінгізіп жатыр және Арыс қаласынан Шымкент қаласының эвакуациялау пунктіне көшіруде.





