МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

    МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

    Бүгін аудан орталығында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

    Мерекелік жиынға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қатысып, аудан тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын айшықтайтын қасиетті құндылықтар екенін атап өтіп, рәміздерге құрмет көрсету әрбір азаматтың қасиетті парызы екенін жеткізді.

    Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындаумен басталды. Жиын барысында аудан әкімі мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың мәртебесін көтеру бағытында белсенді еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандарын Алғыс хаттармен марапаттады.

    Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – алып Мемлекеттік Тудың арнайы дронның көмегімен көкке көтеріліп, аудан аспанында қалықтауы болды. Бұл көрініс тұрғындардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты күшейтіп, ерекше әсер сыйлады.

    Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, аудан тұрғындары мен жастар мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді. Елдік пен бірліктің символына айналған қасиетті рәміздерімізді ұлықтауға арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің еңсесі. Қастерлі рәміздеріміз әрдайым көгімізде желбіреп, еліміздің мерейі асқақтай берсін!

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.