
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті РММ басшысы Ерлан Әнуарбекұлы Абжатов және департамент қызметкерлері облыстық әкімдікте мәжіліске қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе облыстың құрылыс саласындағы кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанудың өсуі болды. Жазатайым оқиғалар санының арту себептері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың жай-күйі, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Комиссия мүшелері профилактикалық жұмыстарды күшейту, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға қатысты жауапкершілікті арттыру мәселелерін талқылады.


