
2026 жылғы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Көктерек мәдениет үйінде «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Көктерек ауылдық округіне қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысып, мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз еліміздің тарихындағы орны мен маңызы туралы пікір алмасты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының мәні мен мазмұны кеңінен талқыланып, оларды құрметтеу әрбір азаматтың парызы екендігі атап өтілді.
Қатысушылар мемлекеттік рәміздердің жастарға патриоттық тәрбие берудегі рөліне тоқталып, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, еліміздің жетістіктері мен тәуелсіздігінің символы болып табылатын мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мәселелері сөз болды.
Іс-шараның қорытындысында қатысушылар мемлекеттік рәміздерді қастерлеу және олардың мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
#РәміздерРухы
#КонституцияныңКүші
#РәмізгеҚұрмет



