
Ағымдағы жылдың 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай салдарын жою барысы тағы бір мәрте елдің бірлігі мен ынтымағын дәлелдеп берді. Әрине, апат айтып келмейді. Бұл — ортақ қайғы. Халықтың бірлігі осындай қиыншылықта сыналады. Қазір ел болып Арыс тұрғындарына қол ұшын созуда.
Батыс Қазақстан облысы бойынша облыс әкімі Ғали Есқалиев 24 маусым күні шұғыл түрде облыстық азаматтық қорғау қызмет, өзге де басқарма, департамент, ұйым басшыларын жинап шұғыл жиын өткізді.
Төтенше жағдайлар департаменті базасында арнайы облыстық штаб құрылып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Бұған дейін ұйымдастырылған «қауырт желі» жұмысын жалғастыруда.БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға штабтың телефон нөмірі жеткізілді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әрбір азаматтық қорғау қызметтері шұғыл практикалық шараларға кірісті. Гуманитарлық көмек жинауға еріктілер құрамынан 3 пункт құрылып, мекен жайы көрсетіліп, әлеуметтік желілер арқылы таратылды.Облыс тұрғындары, ірі, кіші кәсіпорындар, кәсіпкерлер ат салысып қажетті азық-түлік, алғашқы қажетті заттар, киім кешектер жинақталды. Бір жүк көлікке құрылыс материалдары тиеліп және екі үлкен жүк көлікке 6 тонна ұн, 2,5 тонна күнбағыс май, 2,5 тонна макарон өнімдері, 400 л. сұйық сабын, 1,6 т. консервалық өнімдер, тұрмыстық химия тауарлары, ет, шұжық өнімдері, бір жастан он бес жасқа дейінгі балалар киім-кешегі, және т.б. тауарлар гуманитарлық көмек ретінде 25 маусымда жолданып кетті.
Әкімдік парақшаларына, облыстық штабқа тұрғындар өздерінің көмектерін бергісі келетіндігін жазып, байланыс нөмірлерін қалдырып жатыр.
Осылай «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біз, Ақжайық өңірі әрдайым «Арыспен біргеміз».
М.Отаров
БҚО ТЖД
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау
БҚО ТЖД
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау
саласындағы бақылау басқармасы
бастығы орынбасары азаматтық қорғау майоры



