Биыл Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының Тұжырымдамасы әзірленеді

    Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы және биылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Үкіметтің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары аясында өз жұмысын келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізеді.

    Индустрияландыру бағдарламасы аясында экспортқа бағытталған секторларды ынталандыруға, еңбек өнімділігін арттыруға және өңдеу өнеркәсібін қолдауға баса назар аударылды.

    «Біз Индустрияландыру картасы аясында жаңа жобаларды іске қосуды жалғастырамыз. Биыл құны 1 триллион теңге болатын 150-ге жуық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мұнда 15 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Биыл өндірістік кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін қара және түсті металл нарығын реттеу мәселесі (металлургиялықкәсіпорындарүшін) және Қазақстан Республикасы аумағынан өңделмеген ірі қара малдың терісін сыртқа шығаруға уақытша тыйым салуды енгізу мәселесі қолға алынады (тері өңдеу кәсіпорындары үшін). Бұл шаралар кәсіпорындардың жүктемесі мен шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,-деді Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

    Сондай-ақ, жеңілдікпен берілетін автонесие мен лизингтік қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады. Бұл 2018 жылы қосымша 2 мыңға жуық жеңіл автокөлік пен 200-ге жуық коммерциялық техниканы сатуға мүмкіндік береді.

    Өнеркәсіптік дамудың келесі кезеңі - Индустрия 4.0 элементтерін енгізу арқылы технологиялық дамудың жаңа сапалы деңгейіне өту.

    Өткен жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген цифрлық технологияларды енгізу үшін экожүйе құруға бағытталған негізгі өнеркәсіп салаларын техникалық қайта жарақтандыру шаралары әзірленді.

    «Сондай-ақ, биыл цифрландыруды ынталандыруға қатысты кейбір қолдау шараларын ішінара қайта қарауды жоспарлап отырмыз әсіпорындардыңшығындарынөтеу кезінде шығындардыңтүрлерін анықтау, гранттар беру,қол жетімді несие капиталы және т.б.). 2018 жылғы Жолдауда жүктелген тапсырмаларға сәйкес, инновациялық құрамдас және өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жаңа жаһандық технологиялық үрдістерді ескере отырып, жыл аяғына дейін «цифрлық дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуына бағытталған Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы әзірленеді»,-деді министр.

    Жалпы, жоспарланған іс-шараларды іске асыру 2018 жылы өңделген экспорттың құндық өсімін 10,3%-ға, өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 6%-ға, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталының 1 трлн. теңгеге дейін өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, министрлік жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын одан әрі жетілдіру үшін басшыларының есептерін тыңдайтын болады.

    Фото мұрағаттан алынды

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.