
Құтқару жасағына Сарыарқа даңғылы бойындағы көпірден Есіл өзеніне адамның құлап кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті, оқиға орнына дереу жақын маңдағы базадан құтқарушылар тобы жіберілді, сондай-ақ өзенді патрульдейтін құтқарушылар жылдам әрекет етті. Құтқарушылар Роман Вергунов пен Дмитрий Инкин екі катермен жүзіп келіп, су түбіне кетіп бара жатқан адамды құтқару үшін суға секірді, жасөспірімді ұстап катердің бортына көтеріп Азамат Бердіқұловқа және Данияр Данаевқа тапсырды.
«Біз суға кірген уақытта ол су түбіне басымен төмен қарай батып бара жатты, біз оны судан шығарып, катерге жатқыздық, оның денесі көгеріп, өмір сүру белгілері байқалмады. Катерде оған алғашқы көмек көрсетілді, бәрі бітті деп ойладық, алайда тоқтамастан жансақтау амалдарын жасауды жалғастырдық, бірер минуттан кейін ол қозғала бастады, су шыға бастады, ол есіне кірді», - дейді Дмитрий.Кейін анықталғандай, 2002 жылы туған жасөспірім көпір таянышында отырып, байқаусызда суға құлап кеткен. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, ол «Аспирациялық синдром» диагнозымен №2 ҚБА-ға жатқызылды.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді! Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді! Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


