
4 маусым күні Департамент басшысы А.М.Латыповамен мемлекеттік қызметшілер арасында Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтауды қайта ескертті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі – әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетін арттыру. Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал ететіндігі,
Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының кез келген көрінісіне төзбеушілік танытуы қажет. Тек осындай ұстаным арқылы ғана ашық, тиімді және халыққа қызмет ететін мемлекеттік аппарат қалыптастыруға болатындығы айтылды.


