
Ақмола облысы бойынша экология департаменті РММ Щучье қаласындағы экология және орман шаруашылығы жоғарғы колледжі базасында 2019 жылдың 29-мамыр күні Жастар Экологиялық форумын өткізді.
Осы іс-шараға Ақмола облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасын, Ақмола облысының табиғатты қорғау полициясы, «Казгидромет» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалының, ҚР АШМ ОШ және ЖДК Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері қатысты. Сондай-ақ аталған форумға Экология және орман шаруашылығы жоғарғы колледжінің педагогика ұжымы мен студенттері қатысты.
Форумның басты бөлігінде Ақмола облысы бойынша экология департаментінің басшысы А. Нурсеитовтің, Ақмола облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, Ақмола облысының табиғатты қорғау полициясы, «Казгидромет» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалының, Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өкілдерінің сөйлеген сөздері тыңдалды.
Сөйлеген тақырыптары өңірдегі шұғыл экологиялық проблемаларды шешу және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы өзара қарым-қатынас туралы болды.
Осы іс-шара аясында экология саласындағы бірлескен еңбегі үшін мемлекеттік органдар басшылары мен жоғарғы экология колледжі басшылығының Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өткізілді.
Форумның ресми бөлімі Колледж студенттерінің музыкалық нөмірлерімен аяқталды.
Форум барысында сондай-ақ студенттердің өз қолдарымен жасалған жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды және колледждің оқу аудиторияларына саяхаттар жасалды.
Форумның екінші бейресми бөлігі колледждің іргелес аумағында жалғасты - экологиялық сенбілік өткізілді.



