
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті
№4-медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде семинар-кеңес өткізілді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2023 жылғы
29 маусымдағы № 263 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарына 02 мамыр 2025 жылы № 131 бұйрығымен қосымша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2. №4 МӘС бөлімінің 2026 жылдың май айының есебі бойынша сырттай куәландырудың пайыздық үлесін Республикалық көрсеткіш деңгейіне жеткізу жұмыстары талқыланды.
3. МӘС бөліміне және сырттай проактивті куәландыруға №031/е нысанды құжатты сапалы және негізді жолдау, жолдаманың негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз ету қажет.
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
5. Сұрақ жауаптар.



