
Отырар ауданында дзюдо және самбо күресінен КСРО спорт шебері, қазақ күресінен ҚазССР спорт шебері Додабай Айтжан Зияұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ауқымды спорттық шараға аудан басшылығы, ардагер спортшылар, спорт саласының өкілдері, жас балуандар мен қонақтар қатысып, ұлттық спорттың дамуына үлес қосқан тұлғаның еңбегіне құрмет көрсетті.
Қазақ күресі – ұлттық рухты, намыс пен қайсарлықты дәріптейтін төл спортымыз. Осындай жарыстар жас спортшылардың тәжірибесін арттырып, шеберлігін шыңдауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде турнирде облыстың түкпір-түкпірінен келген жас балуандар бақ сынап, өзара мықтыны анықтауда. Бұл жарыс жас спортшылардың жаңа белестерді бағындыруына жол ашатын маңызды алаң болмақ.



