«ОТЫРАР» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ӨНДІРІСТІК ПАРК ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНДЫ

    Қарғалы ауылдық округіндегі «Отырар» индустриалды аймағында өндірістік парк құрылысы толық аяқталып, кәсіпкерлер өз жұмыстарын бастауда.
    Жалпы құны 305 млн теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылып, 21 жаңа жұмыс орны ашылды.
    Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы өндірістік парк аумағына арнайы барып, кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар өндірісті дамыту және кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
    Өндірістік парк – аудан экономикасын дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.