АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

    Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
    Жиында аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралып, бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы жауапты сала басшылары Қуаныш Сейітов пен Бекжан Әшімов баяндама жасады.
    Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланып, егіс науқанының жүргізілу деңгейі, шаруаларға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары және жоспарланған жұмыстар жөнінде Батырбек Сыздық хабарлама жасады.
    Мәжіліс барысында аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, ауыз су инфрақұрылымын дамыту мен дала жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына белгіленген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.