ОТЫРАР ЖАЗҒЫ БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

    ОТЫРАР ЖАЗҒЫ БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

    Отырар ауданында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов қатысып, лагерьдің жұмысымен танысты.

    Аудан басшысы мен мәслихат төрағасы лагерь аумағын аралап, балалардың қауіпсіздігі мен жайлы тынығуына жасалған жағдайларды көрді. Сондай-ақ, бүлдіршіндерді жазғы демалыс маусымының басталуымен құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер мен қызықты демалыс тіледі.

    Лагерьде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық мүмкіндік қарастырылған. Мұнда спорттық және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіліп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылады.

    Айта кетерлігі, биылғы жазғы маусымда сауықтыру лагерінде ауданның 1000-ға жуық баласы демалып, сауықтыру шараларымен қамтылатын болады.

    Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі лагерь маусымының сәтті басталғанын аңғартып, алдағы жазғы демалыстың әсерлі әрі мазмұнды өтетініне сенім ұялатты.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.