
2026 жылдың 28-сәуірі Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.М. Рамазановтың төрағалығымен Кешенді оқу-жаттығулардың бірінші күнін қорытындылау бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Астана" өңірлік қолбасшылығы, Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың аумақтық қорғаныс сұрақтары бойынша өзара әрекеттесу жөніндегі баяндамалары тыңдалды. Маңызды мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.



