
КЕЛЕСТЕ ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА 20-ҒА ЖУЫҚ АУЫЛҒА 4G СТАНЦИЯСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Келес ауданында тұрғындарды сапалы ұялы байланыс және интернет желісімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұған дейін ауданның бірқатар елді мекендерінің тұрғындары ұялы байланыс пен интернет сапасының төмендігіне қатысты өз өтініштері мен ұсыныстарын айтқан. Тұрғындар көтерген мәселені шешу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан ұялы байланыс операторларына тиісті сұраныстар жолданып, бірқатар кездесулер мен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде «Kcell» компаниясы аудан аумағындағы 17 елді мекенге жаңа базалық станциялар орнату жөнінде шешім қабылдаған.
Атап айтқанда, Абай ауылына қарасты Құрылыс және Аққорған елді мекендерінде, Алпамыс батыр ауылдық округінің Қауыншы ауылында, Ұшқын ауылдық округінің Достық және Ұшқын елді мекендерінде, Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата және Жамбыл елді мекендерінде, Біртілек ауылдық округінің Жабайытөбе және Амангелді ауылдарында базалық станциялар орнату жоспарланған.
Сондай-ақ Ошақты ауылдық округінің Қоңыртөбе, Сарыжылға, Жетітөбе және Саңырау ауылдарында, Ақтөбе ауылдық округінің Көгерту, Құйған және Ақжар елді мекендерінде, Бозай ауылдық округінің Тентексай елді мекенінде байланыс нысандары салынатын болады.
Жаңа станциялар 4G технологиясы негізінде жұмыс істеп, тұрғындарға сапалы байланыс пен жоғары жылдамдықтағы интернет қызметін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұған дейін Абай ауылындағы Шығыс мөлтек ауданында және Біртілек ауылдық округінің орталығында «Kcell» компаниясының базалық станцияларын орнату бойынша да ұсыныстар берілген. Қазіргі таңда аталған нысандар бойынша құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, аудан аумағында интернет сапасын жақсарту мақсатында Абай ауылында «Қазақтелеком» АҚ теңгеріміндегі ескірген байланыс бағаналарын жаңарту және талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жұмыстары да жүзеге асырылуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
В КЕЛЕССКОМ РАЙОНЕ ДЛЯ УЛУЧШЕНИЯ КАЧЕСТВА ИНТЕРНЕТА В ОКОЛО 20 СЁЛАХ БУДУТ УСТАНОВЛЕНЫ СТАНЦИИ 4G
В Келесском районе продолжается работа по обеспечению жителей качественной мобильной связью и доступом к интернету. Ранее жители ряда населённых пунктов района неоднократно обращались с жалобами и предложениями, связанными с низким качеством мобильной связи и интернет-соединения. Для решения поднятых населением вопросов районный акимат направил соответствующие запросы операторам мобильной связи, а также провёл ряд встреч и переговоров. В результате компания «Kcell» приняла решение установить новые базовые станции в 17 населённых пунктах района.
В частности, установка базовых станций запланирована в населённых пунктах Курылыс и Аккорган сельского округа Абай, в селе Кауыншы сельского округа Алпамыс батыр, в населённых пунктах Достык и Ушкын сельского округа Ушкын, в населённых пунктах Кошкарата и Жамбыл сельского округа Кошкарата, а также в сёлах Жабайытобе и Амангельды сельского округа Биртилек.
Кроме того, объекты связи будут построены в сёлах Коныртобе, Сарыжылга, Жетитобе и Санырау сельского округа Ошакты, в населённых пунктах Когерту, Куйган и Акжар сельского округа Актобе, а также в населённом пункте Тентексай сельского округа Бозай.
Новые станции будут работать на базе технологии 4G, что позволит жителям пользоваться качественной связью и высокоскоростным интернетом. Также ранее были внесены предложения по установке базовых станций компании «Kcell» в микрорайоне Шығыс села Абай и в административном центре сельского округа Биртилек. В настоящее время по данным объектам ведутся работы по оформлению необходимой документации.
Следует отметить, что в целях улучшения качества интернет-связи на территории района в селе Абай также реализуются работы по замене устаревших опор связи, находящихся на балансе АО «Казахтелеком», а также по прокладке волоконно-оптических линий связи.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области



