🎓🏆 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК

    🎓🏆 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК
    14 мамыр күні 5–6 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Ақтау ауылының негізгі орта мектебінің 5-сынып оқушысы Тыныш Айсұлтан жаратылыстану пәнінен ІІ орын иеленді. 🥈
    Олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің әр өңірінен үздік оқушылар қатысып, Айсұлтан өзінің терең білімі мен дайындығын жоғары деңгейде дәлелдей білді. Бұл – мектеп ұжымы мен ауданымыз үшін зор мақтаныш.
    📚 Оқушының жетістікке жетуіне жетекшісі Арайлым Серікқалиевнаның қосқан үлесі ерекше. Ұстаздың білімі мен еңбегінің нәтижесінде шәкірті биік белесті бағындырды.
    Бүгін ауданымыздың намысын абыроймен қорғаған оқушыны бөлім басшысы Қуаныш Есенов қабылдап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Айсұлтанға, жетекшісіне және қолдау көрсеткен ата-әжесіне Алғыс хаттар табысталды.
    🎁 Сондай-ақ Арайлым Серікқалиевнаға аудандық кәсіподақ ұйымы атынан шипажайға тегін жолдама берілді.
    👏 Айсұлтанды, жетекшісін және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болып, алар асуларыңыз биік болсын!
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.