18 мамыр күні ауданымызда мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің қатысуымен «Заң мен тәртіп бала көзімен» атты педагогикалық идеялар мен авторлық әзірлемелер фестивалінің аудандық кезеңі өткізілді.
Фестивальдің мақсаты – бала тәрбиесінде заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттау, педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау және шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Фестиваль 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды:

«Педагогикалық идеялар»

«Авторлық әзірлемелер»

«Дидактикалық құралдар»

«Жобалық жұмыстар»

«Бейнесуреттер мен медиа»
Фестивальге мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтері қатысып, өздерінің үздік жұмыстарын ұсынды.

Байқау жеңімпаздары:

«Педагогикалық идеялар» бағыты бойынша:

II орын – Ащысай МББК әдіскері Кушербаева А.А.

«Авторлық әзірлемелер» бағыты бойынша:

I орын – «Болашақ» бөбекжайының тәрбиешілері Ұ.К. Тулешова, А.А. Садыкова

II орын – «Бөбек» бөбекжайының педагогі Хаирова А.Ж.

III орын – «Айгөлек» бөбекжайының педагогі Кужанова Д.С.

«Дидактикалық құралдар» бағыты бойынша:

I орын – «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі Сарбасова Г.К.

II орын – «Балауса» бөбекжайының педагогі Сейтова Л.М.

III орын – Ащысай МББК тәрбиешісі Есендыкова М.К.

«Жобалық жұмыстар» бағыты бойынша:

I орын – «Бөбек» бөбекжайының меңгерушісі Аманбаева А.М.

II орын – «Болашақ» бөбекжайының меңгерушісі Нурсейтова Л.Х.

III орын – «Балауса» бөбекжайының меңгерушісі Тлюупова У.Е.

«Бейнесуреттер мен медиа» бағыты бойынша:

I орын – «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі Мұратова А.Б.

II орын – «Бөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Уразаева Д.М.

III орын – «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Ислямкулова Г.О.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен шығармашылық ізденістері үшін алғыс білдіреміз!

Облыстық кезеңге жолдама алған педагогтерге сәттілік пен жеңіс тілейміз!