«МЕНІҢ ЭКОІЗІМ» ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

    «МЕНІҢ ЭКОІЗІМ» ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
    Білім басқармасының 2026 жылғы 10 наурыздағы №202 бұйрығына сәйкес, 21 сәуір мен 12 мамыр аралығында жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, аумақты көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды насихаттау мақсатында «Менің экоізім» облыстық сырттай экологиялық марафоны өткізілді.
    «Таза орта – жарқын болашақ» – қалдық заттар жинау номинациясы
    ІІІ орын – Ақтау ауылының НББОМ 9-сынып оқушылары (жетекшісі Ажгалиева Ж.С.)
    «Отбасылық саяжол» номинациясы – видеороликтер байқауы
    ІІІ орын – Серікқали Іңкәрім, Қуағаш НОМ (жетекшісі Янтурсина Л.Н.)
    «Түлектер қолтаңбасы – мәңгілік жасыл бақ» номинациясы – видеороликтер байқауы
    Алғыс хат – Ащысай МББК 11-сынып оқушылары (жетекшісі Мерекеева А.С.)
    «Табиғат заңмен қорғалады!» – сурет номинациясы
    ІІІ орын – Моисеева Дарья, Шыңғырлау ЖОББМ (жетекшісі Байменова С.С.)
    «Менің экоізім» облыстық сырттай экологиялық марафонының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Табиғатты қорғауға деген жанашырлықтарыңыз, белсенділіктеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Жеткен жетістіктеріңіз жаңа белестерге жетелеп, алдағы уақытта да экологиялық бастамаларға белсене қатысып, биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.