
Жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу, аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын белсендіру мақсатында ағымдағы жылдың 6 мамыр күні «Менің экоізім» аудандық сырттай экологиялық марафоны өткізілді.
Марафон 4 номинация бойынша өткізілді. Қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті.
«Таза орта – жарқын болашақ» – қалдық заттар жинау номинациясы
І орын – Ақтау ауылының НББОМ 9-сынып оқушылары (жетекшісі Ажгалиева Ж.С.)
ІІ орын – Юнусова Амина, А.Тихоненко ат.ЖОББМ (жетекшісі Баймуханова К.Д.)
ІІІ орын – Л.Қылышев ат.ЖОББМ 6-сынып оқушылары (жетекшісі Джуртканова С.А.)
«Отбасылық саяжол» номинациясы – видеороликтер байқауы
І орын – Серікқали Іңкәрім, Ащысай МББК (жетекшісі Янтурсина Л.Н.)
ІІ орын – Балтабек Мадияр, Шыңғырлау ЖОББМ (жетекшісі Салимгереева А.Е.)
ІІІ орын – Даниярқызы Айғаным, Амангелді НОМ (жетекшісі Уралова Б.С.)
ІІІ орын – Аймырзақызы Кәусар, Мектептен тыс жұмыс орталығы (жетекшісі Лекеров А.Л.)
«Түлектер қолтаңбасы – мәңгілік жасыл бақ» номинациясы – видеороликтер байқауы
І орын – Ащысай МББК 11-сынып оқушылары (жетекшісі Мерекеева А.С.)
ІІ орын – А.Тихоненко ат.ЖОББМ 11-сынып оқушылары (жетекшісі Абылкасова Ж.К.)
ІІІ орын – Сагин Нұртілек, Ақсуат НОМ (жетекшісі Табылдиева Г.К.)
«Табиғат заңмен қорғалады!» – сурет номинациясы
І орын – Моисеева Дарья, Шыңғырлау ЖОББМ (жетекшісі Байменова С.С.)
ІІ орын – Саламат Зарина, Мектептен тыс жұмыс орталығы (жетекшісі Мергенбаева А.А.)
ІІ орын – Исмагулова Карима, Ащысай МББК (жетекшісі Мерекеева А.С.)
ІІІ орын – Мұқатқали Ерасыл, Ақтау ауылының НББОМ (жетекшісі Ажгалиева Ж.С.)
ІІІ орын – Бекмухамбетова Адема, Л.Қылышев ат.ЖОББМ (жетекшісі Гилбманова С.Б.)
ІІІ орын – Амантай Айым, Алмаз МББК (жетекшісі Елубаева Т.С.)
Алғыс хат – Арыстанова Асель, Жаңатұрмыс НОМ (жетекшісі Сагиданова А.К.)
Байқауда І орынға ие болған қатысушылардың жұмыстары облыстық кезеңге жолданды. Жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтай отырып, облыстық кезеңге қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!


