
Шыңғырлау аудандық балалар музыка мектебінің 60 жылдық мерейтойына арналған «Өнер ордасына – 60 жыл» атты мерекелік концерті жоғары деңгейде өтті 
Аудандық мәдениет үйінде өткен бұл тағылымы мол кеш – өнер мен тәрбиенің, ұстаз бен шәкірттің сабақтастығын айшықтаған ерекше мереке болды. Сахна төрінде орындалған күйлер мен әндер көрермен жүрегіне жол тауып, ұлттық өнеріміздің мәңгілік құндылығын тағы бір дәлелдеді.
Концерт барысында мектеп ұжымының жетістіктері таныстырылып, аудан басшылығы тарапынан жылы лебіздер айтылып, жас өнерпаздарға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, білім ордасының қалыптасуына зор үлес қосқан ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді.
Өнерлі өрендердің жарқын өнері мен ұстаздардың өлшеусіз еңбегі тоғысқан бұл кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Өнер ордасының мерейлі белесі құтты болсын! Алдағы уақытта да талай таланттың қанатын қатайтып, биік белестерді бағындыра берсін! https://www.facebook.com/share/v/1BKrdJLmXM/


