
28 сәуір күні Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат базасында өткен V облыстық «Тәуелсіз елдің өнерлі ұрпақтары» байқау-фестивалінде ауданымыздың талантты оқушылары жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Жас өнерпаздарымыздың бұл жетістігі – талмай еңбектің, ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен ата-аналардың қолдауының жемісі.
Білім бөлімі атынан жеңімпаздарымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! 
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, өнер көгінде жарқырай берулеріңізге тілектеспіз!



