
Бүгін аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандағы жүргізіліп жатқан "Мейірімді мектеп" жобасы аясында Шыңғырлау ЖОББМ базасында арнайы мамандарға арналған "Арнайы білім берудегі коучинг: Ата-ана мен педагог серіктестігі" тақырыбында аудандық семинар-практикум ұйымдастырылды.Семинарға мектеп және МДҰ мұғалім-логопед, мұғалім-дефектолог және педагог-ассистенттер қатысты.Семинардың ашылу салтанатында әдіскер Н.Б.Бисенова сөз алып, білім беру ұйымдарындағы ерекше балалармен жұмыста мамандардың өзара командалық серіктестігін тиімді ұйымдастыру жолдарын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинар екі бөлімнен тұрды.Семинарда "Бір мақсат-бір команда" ұранымен Шыңғырлау ЖОББ мектебінің арнайы мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Бірінші бөлімде арнайы маман мен мұғалімнің бірлескен жұптық ашық сабақтары өткізілсе, екінші бөлім "Шебер сыныптар" галереясынан тұрды.Бұл кезеңде педагог-психолог, әлеуметтік-педагог және педагог-ассистенттер ата-анамен, ерекше баламен және педагогтермен жүргізілетін тәжірибелерімен бөлісті.Семинар соңында "Сенім көпірі" тренингі ұйымдастырылып, қатысушы мамандар кері байланыстарымен бөлісті. https://www.facebook.com/share/r/1D9NEFBWKp/



