«Заң және тәртіп – қауіпсіз ұрпақ кепілі» жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

    «Заң және тәртіп – қауіпсіз ұрпақ кепілі» жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
    2026 жылғы 20 сәуір күні Тасмола жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
    Жиналыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың және суицидтің алдын алу, жаңа заң талаптарын түсіндіру, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болды. Сонымен қатар ата-аналардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, отбасы мен мектеп және құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.
    Жиынға Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскер, аудандық полиция бөлімінің мамандары, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар және ата-аналар қатысты.
    🔹 Мектеп директоры жиналысты ашып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
    🔹 Білім беру бөлімінің басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
    🔹 Психологтар «Қауіпсіз ұрпақ – бақытты отбасы: психологиялық ахуалдың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналарға маңызды кеңестер ұсынды.
    🔹 Прокуратура және полиция өкілдері жаңа заң талаптарын түсіндіріп, ата-аналардың құқықтық жауапкершілігіне ерекше назар аударды.
    Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! https://www.facebook.com/share/v/18ynsp4XSk/
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.