«Заң және тәртіп – қауіпсіз ұрпақ кепілі» жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

    «Заң және тәртіп – қауіпсіз ұрпақ кепілі» жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
    2026 жылғы 16 сәуір күні Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
    Жиналыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың және суицидтің алдын алу, жаңа заң талаптарын түсіндіру, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болды. Сонымен қатар ата-аналардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, отбасы мен мектеп және құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.
    Жиынға Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің басшысы , аудан прокуроры , аудандық полиция бөлімініңмамандары, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар және ата-аналар қатысты.
    🔹 Мектеп директоры жиналысты ашып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
    🔹 Білім беру бөлімінің басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
    🔹 Психологтар «Қауіпсіз ұрпақ – бақытты отбасы: психологиялық ахуалдың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналарға маңызды кеңестер ұсынды.
    🔹 Прокуратура және полиция өкілдері жаңа заң талаптарын түсіндіріп, ата-аналардың құқықтық жауапкершілігіне ерекше назар аударды.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.