Облыстық кезең ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хатына және Білім басқармасының бұйрығына сәйкес қашықтан өткізіліп, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың өзін-өзі көрсетуіне, сондай-ақ рухани-адамгершілік және эстетикалық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.

Аталған байқауда Шыңғырлау ауданының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

«Үздік ғылыми-көркем фильм» номинациясы бойынша:

I орын – Ақсуат негізгі орта мектебінің оқушысы Ринатұлы Арман (жетекшісі: А.Альмагамбетова)

«Анимация» номинациясы бойынша:

III орын – Ащысай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің оқушысы Самиголла Айша (жетекшісі: М.Нурушева)

«Балаларға арналған ең жақсы телебағдарлама» номинациясы бойынша:

Алғыс хат – Жаумбай Айзере (жетекшісі: Т.Жұмагелді)

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың жетістіктері – ауданымыздың білім мен шығармашылық саласындағы табысының айқын дәлелі.

Алдағы уақытта да жас таланттарға сәттілік тілейміз!