
Қуыршақ театры арқылы қоршаған орта мәселелеріне назар аударту, оқушылардың көркемдік қабілеттері мен шығармашылық талғамын дамыту, сондай-ақ табиғатқа деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 3 сәуір күні «Жасыл сахна» аудандық қуыршақ театры байқауы өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Л.Қылышев ат.ЖОББМ «Terra Hoва» командасының оқушылары
ІІ орын – Шыңғырлау ЖОББМ «Шырақ» командасының оқушылары
ІІІ орын – Ақтау ауылының НББОМ «Тіршілік дауысы» командасының оқушылары
Алғыс хат – А.Тихоненко ат.ЖОББМ «Мөлдір бұлақ» командасының оқушылары
Алғыс хат – Тасмола ЖОББМ «QiayLab» командасының оқушылары
Облыстық кезеңге жолдама алған І орын иегері – Л. Қылышев атындағы ЖОББМ-нің «Terra Hoва» командасына сәттілік пен жеңіс тілейміз!



