
Бүгін аудандық білім бөлімінің аппарат кеңесінде көп жылдар бойы мектеп директоры қызметін абыроймен атқарған Елеу Шәкірұлы зейнет жасына толуына байланысты құрметпен шығарып салынды.
Бөлім басшысы Қуаныш Ығылманұлы ұстазды мерейлі жасымен құттықтап, білім саласына сіңірген елеулі еңбегі үшін Алғыс хат табыстады.
Сонымен қатар, аудандық білім саласының кәсіподақ ұйымы атынан Елеу Шәкірұлына шипажайға тегін жолдама сыйға берілді.
Ұстазға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен баянды бақыт тілейміз!



