«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» Green Lab тәжірибе алмасу алаңы

    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» Green Lab тәжірибе алмасу алаңы
    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» Green Lab тәжірибе алмасу алаңы
    Экологиялық білім беру – білім алушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға, табиғат құндылықтарын түсіндіруге және оны қорғауға бағытталған тәрбие мен білім беру процесінің маңызды бөлігі болып табылады.
    Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 13 наурыз күні Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің заманауи әдіс-тәсілдерімен танысу, оларды оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын қарастыру және білім алушыларға экологиялық тәрбие беруде педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында Green Lab тәжірибе алмасу алаңы семинар оздырылды.
    Семинардың ақпараттық бөлімінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы ортақ жауапкершілік мәселелері қарастырылып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы білім беру ұйымдарының рөлі атап өтілді.
    Стратегиялық сессия барысында білім алушылардың зерттеу жұмыстары таныстырылып, ғылыми ізденіс арқылы экологиялық білімді дамыту бағытындағы тәжірибелер ұсынылды. Сонымен қатар стратегиялық фокус бөлімінде экологиялық білім беруде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану тақырыбы қозғалып, цифрлық құралдарды оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары талқыланды.
    Практикалық сессиялар барысында педагогтер экологиялық бағыттағы заманауи әдістермен танысты. Атап айтқанда, гүлдерді QR-код арқылы таныстыру, мектеп аумағында ішкі және сыртқы көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ микрожасыл өсірудің қарапайым әдістері бойынша тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.
    Семинар барысында педагогтер білім беру процесінде жаңашыл әдістерді қолданудың маңыздылығы туралы пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісу арқылы кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында Green Lab тәжірибе алмасу алаңының жұмысы қорытындыланып, қатысушылар тарапынан кері байланыс алынды.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.